Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2019

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

 Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа жолдауында      «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия,есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге                                       қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет» деп айтылған.                  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алу жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасы» жасалып, бекітілген. Жоспарда нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, балалардың құқықтарын қорғау, балалардың арасында зорлық-зомбылықты және қатыгездік көрсетудің алдын алу, қолайсыз отбасымен жұмыс, балалардың медициналық-психологиялық сүйемелдеу жұмыстары қамтылған. Жоспарды негізге ала отырып, мектепішілік жоспар құрылып, бекітілді. Жоспардың құрылу мақсаты – балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру. Міндеті – жасауға болатын және болмайтын іс-әрекеттер мен тәрбие әдістері арқылы ағарту жұмыстарын жүргізу. Жасөспірімдерге деген төзімділік және отбасылық құндылықтарды бойларына сіңіру арқылы оқушыларға психологиялық көмек көрсету.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсізідік, ал адам үшін – бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсізідік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтардың басты талабы. Елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. 

Адамға зорлық көрсетудің түрлері төмендегідей:

  1. Психологиялық кемсітушілік
  2. Физикалық зорлық-зомбылық
  3. Бопсалау
  4. Кибербуллинг (интернет арқылы адамды бопсалау)
  5. Кемітушілік
  6. Суицид

Осындай зорлық-зомбылықтың алдын алу негізінде 2019 жылдың қараша айында мектепішілік «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында айлық жарияланып, іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Айлықтың мақсаты – балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемалары және оның балалар мен ересектерге тигізер салдары, сонымен қатар, осы салада халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамды ақпараттандыру. Осы мақстатты негізге ала отырып, белгіленген іс-шара жүзеге асырылды. Оқушылардың күнделікті сабаққа қамтылу есебі алынып отырылды. Бүгінгі таңда сабаққа тартылмай отырған оқушы жоқ. Себепсіз сабақ жіберіп, есепте тұрған оқушы жоқ. Оқушылардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылған, ақылы үйірмелер, факультативтер,спорт секциялары жұмыстары жандандырылған. Қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу негізінде ұйымдастырылған «Балалар түнгі қалада» акциясы өтіп, мұғалімдер тарапынан белгіленген кесте бойынша түнгі кезекшілік өз мәнінде өтіп отырады. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық стент ұйымдастырылған. Балалардың адалдық, әділдік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» , «Адал ұрпақ» стендтері ілінген және жұмыс жоспары өз деңгейінде өтіп отыр. Мектепте оқушылар арасында профилактикалық-психологиялық көмек көрсету және бала өмірі мен денсаулығына жат қылықтардың алдын алу мақсатында арнайы «сенім жәшігі» мен «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға қолдау көрсету мақсатында оқушыларды, ата-аналарды және жеке азаматтарды қабылдаудың арнайы кестесі белгіленген. Айлық барысында мектеп кітапханашысы А.Амренова «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Педагог-психолог С.Аубакирова 9-11 сыныптар арасында «Сыйлы болмақ өзіңнен, сыйсыз болмақ сөзіңнен» атты тренинг сабақ өткізді. Күнделікті үлкен үзілістерде «Қарым-қатынасымызды жақсартайық» деген тақырыпта ұйымдастырушы- педагог О.Нұрахметов жаттығулар ойнатса, әлеуметтік-педагог А.Иманбекова 1-11 сыныптар арасында топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу «Социометрия» жүргізді. Педагог-психолог 7-11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік жасырын сауалнама алып, қорытынды жасалды. Әр сынып жетекшілер өз сыныбынан «Мен бақытты баламын» атты эссе жаздырып, «Зорлық-зомбылықсыз өмір сүреміз» деген тақырыпта бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізіді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Менің керемет демалысым» ұранымен спорттық жарыстар және би кешін ұйымдастырды. Құқық пәні мұғалімі А.Тлеубаева «Құқық және мен» тақырыбында зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек деген ойларымен дөңгелек үстел өткізді. Айлықтың қорытындысы негізінде тәрбие жұмысы жөніндегі Ж.Сарсенова жалпы ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Балалық шақ – өмірдің ең бақытты кезеңі» атты конференция сабақ өткізді. 

2019 жылдың 6-14 қыркүйек күндері аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өтті. Апталықтың алғашқы күні «Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі» конференциясымен басталып, отбасылық «Толағай» спорттық эстафетасымен жалғасты. Сонымен қатар «Ата-ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» тақырыбында тренинг өтті.

Оқушылардың бойына адамгершілік-рухани білім беру жұмыстары барысында 2019-2020 оқу жылына жасалған тәрбие жоспарына сүйене отырып, «Саналы ұрпақ, жарқын болашақ» ұранымен тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2019 жыл 20 қараша күні «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру мақсатында Ақсу аудандық дін істерінің инспекторы Ноғайшаев Фархат Қанатбекұлымен 5-11 сынып оқушылары және жалпы ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Дәстүрлі емес идеологияларға насихаттаушы топтарға тіркелеген (Салафизм) желі қолданушыларының кәмелетке толмаған оқушылар ішінен қызығушылық танытқан 3 оқушы анықталып, алдын алу жұмытары жүргізілді. Сонымен қатар, Терроризмге қарсы оқу жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Және аудандық жасөспірімдер инспекторы Қ.Дәулетовна мен білім бөлімінің бас маманы С.Айтқожақызымен «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу және зорлық-зомыбылық мәселелері» тақырыбында пікір алмасты. 

2019 жыл 25 желтоқсан күні І тоқсан қорытындысы бойынша өткізілген жалпы ата-аналар жиналысына 87 ата-ана қамтылды. Күн тәртібінде аудандық полиция аға лейтенанты, жасөспірімдер инспекторы Бакуашев Дидар Мейрамбекұлы «Жасөспірімдерді кері ықпалдардан қорғау» тақырыбында баяндама оқыды. 

Осы орайда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орыны бөлек екенін ұмытпаған жөн. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала ата-анасынан қандай тәрбие алса, болашағы да, өмірі де солай болады. Сондықтан баланың тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайтынын тілге тиек еткіміз келеді...