Қауіпсіз мектеп » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2019

Қауіпсіз мектеп

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мұғалімдермен бірлесе балалардың жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен (интернет, ұялы және басқа да байланыс түрлері, цифрлік хабарлар тарату) ақпараттың теріс ықпал етуіне ұшырауының алдын алу мақсатында «Интернеттің пайдасы мен зияны»  тақырыбында 27.09.2019 жылы      
 
педагог-психолог С.Қ.Аубакирова тренинг сабақ өткізді. Тренингтің қорытындысында ұялы телефон, компьютер мен интернеттің оқушылар психологиясына тигізер әсері, пайдасы мен зияны туралы балаларға ескертіліп, технология заманында компьютер  мен ғаламтордан келер залалдың алдын алып, балалардың баянсыз дүниеге әуестенбеуіне көп көңіл бөлу  жауапкершілігі арттырылды. Қазақстан Республикасы аумағында тыңдауға тыйым салынған уағызшылардың видеороликтерін әлеуметтік желіде(білмей)  көрген балалар бар екендігі ескертілді. Оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдарына соның ішінде интернет сайттарда көңіл-күйді тікелей немесе жанама насихаттайтын                                                                                  ақпараттардың, сол сияқты мазмұны жасөспірімдердің басқа әрекеттерге   ықпалы бар жарияланымдарға тіркелмеуі жөнінде ескертіліп және сенім телефоны-шұғыл қызмет-111 біздің елімізде қиын өмірлік жағдайға тап болған кез келген балаға шұгыл психологиялық көмек көрсету үшін құрылғандығы туралы мәлімет берілді.

Сенім телефоны-шұғыл қызмет-111 біздің елімізде қиын өмірлік жағдайға тап болған кез келген балаға шұгыл психологиялық көмек көрсету үшін құрылған. Бұл ақпаратпен бөлісіңіз сонда,осы арқылы Сіз балаларыңыздың құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосарсыз және оларға қиын мәселелерді  шешуге көмектесерсіз,-деп ата-аналарға ақпарат берілді


Похожие публикации:

20 сентябрь 2019 Қауіпсіз интернет
23 май 2019 Хаттамалар
29 апрель 2017 Мекен жайымыз