Отбасы - бақыт мекені » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2019

Отбасы - бақыт мекені

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында мектепішілік «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың біріктіру. Осы мақсатта мектепішілік «Отбасы – бақыт мекенім» атты апталық барысында 2019 жыл 06 қыркүйек күні кітапханашы А.Амренова ата-аналармен ашық есік күнін ұйымдастырды. 09 қыркүйек күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Сарсенова «Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі» атты конференция өткізді.

10 қыркүйек күні «Менің отбасым» атты тақырыпта шығармашылық көрме көрсетілді.

11 қыркүйек күні педагог-ұйымдастырушы О.Нұрахметовтың ұйымдастыруымен «Ата-анам және мен» атты флеш-моб өтті.

12 қыркүйек күні педагог-психолог С.Аубакирова «Ата-ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» тақырыбында тренинг өткізді. Осы күні 2-4 сыныптардың ата-аналары арасында «Толағай» спорттық эстафеталық ойын ұйымдастырылды.

 

13 қыркүйек күні «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.