"Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясындағы ата-аналар жиналысы » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2025

"Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясындағы ата-аналар жиналысы

«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясындағы ата-аналар жиналысы2025 жылдың қыркүйек айында мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылында жүзеге асырылатын «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру, оқушыларды адалдыққа, әділдікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу бағытындағы жұмыстарды ортақ үйлестіру болды.

Жиналыс барысында ата-аналарға бағдарламаның мазмұны, мақсат-міндеттері таныстырылып, оқушылардың тұлғалық дамуына ата-ананың қолдауы мен үлесінің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесінде ортақ құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жиын соңында ата-аналар ұсыныстарын білдіріп, мектеппен бірлесе отырып бағдарламаны іске асыруға ниетті екендіктерін жеткізді.