Сыбайлас жемқорлық » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2025

Сыбайлас жемқорлық

"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  оқу жылының басында мектеп ұжымын қаражат жинауға тыйым салу туралы бұйрықпен Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына ең үлкен кедергі келтіретін әлеуметтік құбылыстардың бірі. Ол мемлекеттік органдарға, құқық қорғау жүйесіне және жалпы халықтың билікке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Жемқорлық болған жерде әділдік жоғалады, заң үстемдігі әлсірейді, елдің экономикасы құлдырайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың ортақ міндеті. Әрбіріміз адалдық пен әділдікке ұмтылып, пара бермеу, заңды бұзбау, ар-ожданды сақтап өмір сүруіміз қажет. Мемлекетіміздің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру. Бұл үшін арнайы заңдар қабылданып, алдын алу шаралары жүргізілуде.

Жемқорлықты жеңудің ең тиімді жолы – қоғамда адалдық, ашықтық, әділдік құндылықтарын қалыптастыру. Бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру маңызды. Әрбір азамат өз ісіне жауапты, әділ әрі адал болса ғана елімізде сыбайлас жемқорлықсыз болашақ қалыптасады.