Денсаулық сақтау мәдениеті жөнінде мазмұны » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2025

Денсаулық сақтау мәдениеті жөнінде мазмұны

Біздің мектепте ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен медбике Байгериева Алмагүл денсаулық сақтау мәдениеті жөнінде мазмұнды баяндама жасады.Баяндамасында оқушылардың күн тәртібін дұрыс сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке бас тазалығы мен дұрыс тамақтанудың маңызы туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездесетін аурулардың алдын алу жолдары мен алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне де тоқталды.

Ерекше назар ерте жүктіліктің алдын алу мәселесіне аударылды. Медбике ерте жүктіліктің жасөспірімнің денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін теріс әсерлері туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Бұл бағытта ата-ана мен мектептің бірлесіп жұмыс істеуі аса маңызды екені атап өтілді.

Ата-аналар мен оқушылар тарапынан қызығушылық танытылып, көптеген сұрақтар қойылды. Медбике Алмагүл нақты мысалдар келтіре отырып, пайдалы кеңестер берді.

Бұл кездесу жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, ерте жүктіліктің алдын алуға, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыруға зор ықпал етті.