Іс-шара жұмысы » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2019

Іс-шара жұмысы

        2019-2020 оқу жылының басталуына орай «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесін атап өтудің іс-шара жоспары қаралып, бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес салтанатты мерекелік жиын өтетін орын және сынып бөлмелері талапқа сай безендірілді, жаңа оқу жылына дайындық жүргізілді. 1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне арналған мерекелік жиын Қазақстан Республикасы Канституциясының 24 жылдығына, 2019 жыл Жастар жылына, 2020 жыл А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналып отыр. Сонымен қатар, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында әлеуметтік желілерге 1-2 минуттық «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» тақырыбында бейнероликтер жарияланды. Төмендегі сілтеме:

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=365317714403164&id=100027748159130

Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды нығайту. Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, ҚР Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау. Салтанатты жиынға барлық оқушылар қамтылды және ата-аналар қатысты. Жазғы демалыстан оралған оқушылар мектеп формасымен, қолдарында шар, гүлдер, жалаулар ұстап шат көңілде өткізілді.