Бірлік күні » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2019

Бірлік күні

2018-2019 оқу жылы барысында «1 мамыр – Бірлік күні» мерекесіне орай мектеп оқушыларымен шеру ұйымдастырылды. Жақсылығы жарқын, шуағы мол- бұл мерекенің әрбір қазақстандық үшін айырықша маңызы бар. Мереке қарсаңында МАД тобынан бастап -11 сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаттары жоспарлы түрде өтті. 30-шы сәуір күні сынып жетекшілермен және барлық сынып оқушылары көшеге шеруге шықты. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрса, сол әр ұлттың киімдерін киген оқушылар, қолдарына көгершіндер мен шарларын, «Ырыс алды-ынтымақ», «Береке-татулық белгісі», «Дос боламыз бәріміз» т.б. лозунгтарды ұстап шығып, әр ұлттың өнерін паш етті.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.