Мектеп тарихы » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы-ел тарихы

 

Өткендерін ескерген-өскендіктің белгісі,

Өткендерін ұмытқан – өшкендіктің белгісі.



АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, АҚСУ АУДАНЫ,

БАРЛЫБЕК СЫРТТАНОВ АУЫЛЫ

 

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі тарихы


Үкіметтің 1930 жылдардағы халық ағарту саясаты, халыққа 7 жылдық білім беру мұны жүзеге асыру үшін Ақсу аудынының елді мекендеріне де жаппай мектептер ашыла бастаған. Соның бірі Қарасу-Бүйен елді мекенінде балалар үйіне арналған мектеп ашылды. Бертін келе Қызылту совхозы шаруашылығы көлемінде үш колхоз ұйымдастырылды. Олар: «Қызылту», «Сүттіген», «Қарасу» колхоздары. 1930 жылдарда мұнда бастауыш мектептер ашылды. Бұл мектептердің алғашқы мұғалімдері: Байысов А, Күсейтов, Енсебаев С.

Сол кездегі ауылды басқарған азамат Иманбаев Сексенбайауыл тұрғындарын ұйымдастырып, өгіз арбамен таудан ағаш әкеліп, қазіргі «Қызылту» ауылды мекенінде бастауыш мектеп үйін салдырған. Бұл мектеп үй 1936 жылдары салынған. Бастауыш мектептің 1938 жылдары оқыған оқушылар: Толеубеков Жанай, Бейсенбаева Ұлтуар, Ысқақова Күнзила, Асылбекқызы Бижамал, Байғалиева Биғайша, Әкімбаева Сару, Бейсенбеков Жабықбай т.б. 1946-1950 жылы Колхоз шаруашылықтары ірілендіріліп, Қызылту «Қызылтан» совхозының бөлімшесі болды. Соған байланысты бастауыш мектеп 1946 жылы жетіжылдық мектеп болып құрылды. Сол жылы жеті жылдық мектебіне Шығанбаев Жұмай директор болып тағайындалды. Кейіннен бұл кісі аудандық оқу бөлімінде қызмет еткен, мықты математик, ескіше де көп оқыған сауатты, беделді кісі болған. Мектеп басқару ісінде еңбегі көп болды дейді көз көргендер.

Кейінгі жеті жылдық мектеп директорлары Тұрсынбеков Ерғабыл, Смағұлов Рақымжан, Ақанбаев Қошман және Тұрғанбеков Асылкен істеді. Ол кездегі мұғалімдер: Станбеков Қалимбек, Ыдырысов Бекетай, Қастекбаев Нұрсәлім, Ерденов Қасқарбек, Барменқұлова Күлжан, Исаев Құтбай, Нұрсейтов Нұрәділ, Бекежанов Тұрсынғали, Тұрсынбеков Кәдірсіз, Махмутов Сүлеймен, Найманханов Мырзабек, Смағұлова Гаухар т.б.

1962 жылы жеті жылдық мектеп, «Қызылту» сегіз жылдық мектебі болып құрылды.

1964 жылы «Қызылту» сегіз жылдық мектебі, «Ғани Мұратбаев» орта мектебі деп аталды. Осы жылы мектепке Қ.Байсейтовдиректор болып тағайындалып, 1967 жылға дейін басшылық етті.

Ауыл тұрғындарының көбейіп, бала санының өсуіне байланысты 1968-1969 оқу жылында «Ғани Мұратбаев» атындағы орта мектептің жанынан малшылардың балаларына арналған мектеп-интернат ашылды. Орта мектептің директоры Құмарғалин Нұрсұлтан, оқу ісінің меңгерушісі Қаратаева Шамшия болып істеді. Оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі Найманханов Мырзабек, пионер вожатый Іңкарбаева Мақыпжамал болды.

1986 жылы жаңа үш қабатты мектеп салынды. 2012 жылдан бастап Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды. Мектеп жанынан 25 балаға арналған шағын орталық ашылды.

Орта мектепті басқарған директорлар:

1.Құмарғалин Нұрсұлтан 1968-1969 оқу жылы

2. Бижігітов Байсұлтан 1969-1971 оқу жылы

3.Байсейтов Қанатхан 1971-1977 оқу жылы

4.Төлегенов Ерғали Төлегенұлы 1977-1982 оқу жылы

5. Медетбеков Рақымжан Медетбекұлы 1982-1989 оқу жылы

6. Батырбаев Қанай Күмісбекұлы 1989-1997 оқу жылы

7. Әзібаев Мұрат Молдажанұлы 1997 -2015 оқу жылы

8. Кусмолдина Махаббат Нұрмуханбетқызы 2015 оқу жылынан бастап қызмет атқаруда

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкіртерінде

Мектепті үздік бітірген оқушылар:

1.Бөкенова Анар Мырзағалиқызы 1980-1981 оқу жылы

2.Найманханова Бибігүл Мырзабекқызы 1980-81 оқу жылы

3. Абдықалықова Назгүл Князбекқызы 1982-83 оқу жылы

4. Байсқақова Гүлден Әлімбекқызы 1983-84 оқу жылы

5. Алдабергенов Айдын Сайлаубекұлы 1983-84 оқу жылы

6. Саржанов Қайрат Асниязұлы 1983-84 оқу жылы

7.Азаматова Гүлшат Құрманханқызы 1984-85 оқу жылы

8. Халықова Айгүл Маратқызы 1986-87 оқу жылы

9. Көптілеуова Шолпан Бөгенбайқызы 1988-89 оқу жылы

10.Есбатырова Назгүл Тілеуханқызы 1990-91 оқу жылы

11. Жантілеуов Нұрлан Бөгенбайұлы 1990-91 оқу жылы

12. Иманғалиева Лайла Тұрсынбекқызы 1990-91 оқу жылы

13. Нұрахметова Жанар Әскерқызы 1990-91 оқу жылы

14. Елепбергенова Айгүл Өзбекқызы 1990-91 оқу жылы

15. Байболова Маржан Тұрлықызы 1990-91 оқу жылы

16. Халықова Мақпал Маратқызы 1992-93 оқу жылы

17. Өмірбекова Назым Саржанқызы 1992-93 оқу жылы

18. Сүлейменова Гүлмира Саятқызы 1992-93 оқу жылы

19. Өзбекова Алмагүл Өзбекқызы 1993-94 оқу жылы

20. Нұрмұратова Гүлмира Нұрмұратқызы 1993-94 оқу жылы

21. Найманханова Назым Әбілханқызы 1993-94 оқу жылы

22. Есбатырова Гүлназ Тілеуханқызы 1994-95 оқу жылы

23. Жанайбекова Мөлдір Сейдахметқызы 1994-95 оқу жылы

24.Тілектесова Гүлзия Тілектесқызы 1994-95 оқу жылы

25. Жолбосина Жазира Сансызбайқызы 1995-96 оқу жылы

26. Халықова Айжан Маратқызы 1995-96 оқу жылы

27. Биғалиева Айман Жолтайқызы 1995-96 оқу жылы


ҰБТ- қорытындысы бойынша грант иегерлері

2004 ж. Бейсенбаева Элмира -97 балл

2004 ж. Урынбаев Асқар

2005 ж. Қыдырбаева Жүрсін 

2005ж. Ақшолақова Сауле

2005ж. Батырбаева Гүлмира

2005ж. Мұхамедқалиев Данияр

2005ж. Раисова Райгүл

2006ж. Қырықбаев Ұлан

2007ж. Амренов Бекзат

2008ж. Қайынбаева Жанар

2009ж. Аубакирова Маржан

2009ж. Мырзабеков Мадияр

2010ж. Әлімжанова Ақбөпе

2010ж. Қаршыкенов Аділет

2011ж. Каримолданова Маржан

2011ж. Бодық Шұғыла

2012ж. Қожабек Райымбек

2012ж. Өмірзақова Дана

2012ж. Оңалбеков Мирас

2014ж Оңалбекова Гүлзира

2015ж. Аскерова Айнұр

2015ж. Бейсенбаев Манас

2015ж. Қабыл Қуаныш


 

Похожие публикации:

29 апрель 2017 Сабақ кестесі
29 апрель 2017 Мектеп ұжымы
29 апрель 2017 Мекен жайымыз
29 апрель 2017 Мектеп ұжымы