Хаттамалар » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
май
2019

Хаттамалар

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесі отырысының

№2 хаттамасы

06 қазан 2017 жыл Б. Сырттанов ауылы

Өткен орны:

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің базасы

Өткізілген уақыты:

10.00

Төрағалық еткен: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

С.Т.Ермұхамбетова

Хатшы: Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі

директорының тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсенова

Шақырылғандар: «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі- 7, қамқоршылықкеңестің мүшелері- 6, ата-аналар – 25

 

Қатысқандар: 38 адам

Күн тәртібінде:

1.«Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы.

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры –

М.Н. Кусмолдина

2.Демеушілік тарапынан түскен қаржының жұмсалуы туралы.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы - С.Т.Ермұхамбетова

 

 

Тыңдалды: Мектеп директоры М.Н.Кусмолдина

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Н. Кусмолдина: 2017 жылдың 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткен «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру барысында демеушілер тарапынан түскен 150000 теңге қаржының жұмсалуы туралы мәлімет берді. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің және ата-аналар жиналысының шешімімен әлеуметтік жағдайына қарай анықталған 4 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Қайырымдылық көмек көрсеткен демеушілер аудандық маслихат депутаты Б.Т.Шабдарбаев – 50000 теңге, ауылдық «Әйгерім» дүкені – 30000 теңге, ауылдық аурухананың қызметкерлері – 20000теңге, мешіт қауымы – 10000 теңге қаржылай көмек берді. Осы қаржыға әлеуметтік көмекті қажет ететін жартылай жетім Қасымғали Фархатқа 28000 теңгеге, аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары Молықбай Бүркіт пен Мадинаға 30000 теңгеге , жартылай жетім оқушы Нұрлан Толқынға 20000 теңгеге, аз қамтылған, көп балалы отбасынан Сейдахмет Айғанымға 15000 теңге қаражатқа мектеп формасы мен қажетті оқу құралдары алынып берді. Сонмен қатар мектеп ұжымы көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Бауыржанқызы Диляраға 70000 теңге қаражатқа демеушілік көрсетіп,Астана қаласына туристік саяхатқа жіберді.

Сонымен қатар білім беру ұйымының қызметі туралы, білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы есеп берді.

Сөз қамқоршылық кеңестің төрағасы - С.Т.Ермұхамбетова:

Оқу жылы басынан демеушілілер тарапынан түскен қаржының жұмсалуы туралы айтып өтті. Атап айтқанда мектеп ішіндегі шағын орталыққа 41 кг ет,

берілді.Алдағы уақытта облыстық, республикалық байқауларға жолдама алған дарынды балаларға көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз.

 

 

Шешім:

1. « Мектепке жол »республикалық акциясы аясында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру қанағаттанарлық деп танылсын.

2. Демеушілер тарапынан түскен қаражат мақсатты жұмсалып, әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасылар мен дарынды оқушыларға көмек көрсетілсін.

3. Пән кабинеттерінің материалдық – техникалық жағдайларын жабдықтау жұмыстары жалғастырылсын.

 

 

 

Кеңес төрағасы С.Т.Ермұхамбетова

Хатшы Ж.Т.Сарсенова

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесі отырысының

3 хаттамасы

26 ақпан 2018 жыл Б. Сырттанов ауылы

Өткен орны:

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің базасы

Өткізілген уақыты:

10.00

Төрағалық еткен: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

С.Т.Ермұхамбетова

Хатшы: Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсенова

Шақырылғандар: «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы -33, қамқоршылық кеңес мүшелері- 6, ата-аналар – 15

 

Қатысқандар: 54 адам

Күн тәртібінде:

1.2017-2018 оқу жылының 3 тоқсанда қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстары туралы

Қамқоршылық кеңестің мүшесі – Қ.М.Жұматаев

2.2018 жылдың 07 ақпаны күні Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің тарапынан өткен ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі туралы.

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры –

М.Н. Кусмолдина

 

 

Тыңдалды Қамқоршылық кеңестің мүшесі – Қ.М.Жұматаев

Мектептегі қамқоршылық кеңес жұмысының ұйымдастырылуы сынып ата- аналарының демеушілігімен жақсы жолға қойылғандығын атап өтті. Үш қабат каридорына музей-бұрыш ашылып, соған 120000 теңге тұратын стенд алынып берді.Ағымдағы жылдық қаңтар – ақпан аралығында сынып ата – аналарының демеушілігімен жалпы 30000 теңгеге қаржы жиналған. Сонымен қатар «Жаңа жылдық» мереке кезінде мектептің шырша өтетін залы мен кіреберіс дәлізді безендіру жұмысына демеушілік көрсетілді.

 

Сөз алды мекемесінің директоры – М.Н. Кусмолдина:

2018 жылдың 07 ақпаны күні Жансүгіров ауылындағы М.Байсақұлы атындағы мәдениет үйінде Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің ақпараттық – түсіндіру тобының тарапынан жиын өткізілді. Оған осы мектептегі шағын орталықтың аға тәрбиешісі, ата- аналар комитетінің және қамқоршылық кеңестің мүшелері қатынасты.Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтып кетсем, Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің функцияналдық міндеттері,Алматы облысының білім беру мекемелерінде 2017жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және ҚР БҒМ жұмыс барысы туралы ақпараттарды педагогтік және ата- аналар қоғамдастығы нақты түрде заманауи технологиялар арқылы жеткізу жолдары туралы айтылды.Осының ішіндегі төртінші мәселеге тоқталып өтсем, Әлем жаһандық сын- тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, ІТ- технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы. Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде.Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Осыған байланысты алдағы жаңа оқу жылында оқушылардың ақпараттық коммуникациялық техника меңгеру деңгейлерін арттыру мақсатында робототехника кабинетін жабдықтауға ықпал етулеріңізді сұраймын.

Шешім:

1.Мектеп, ата- ана , оқушы ынтымақтастығын арттыра отырып, қамқоршылық кеңестің жұмысы жандандырылсын.

2.Жаңа оқу жылында мектептен робототехника кабинетін ашу үшін демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілсін.

 

 

Кеңес төрағасы С.Т.Ермұхамбетова

Хатшы Ж.Т.Сарсенова

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесі отырысының

4 хаттамасы

2 шілде 2018 жыл Б. Сырттанов ауылы

Өткен орны:

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің базасы

Өткізілген уақыты:

10.00

Төрағалық еткен: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

С.Т.Ермұхамбетова

Хатшы: Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсенова

Шақырылғандар: «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы -4, қамқоршылық кеңес мүшелері- 8, ата-аналар – 25

 

Қатысқандар: 37 адам

Күн тәртібінде:

1.2017 -2018 оқу жылында атқарылған оқу – тәрбие жұмысының қорытындысы.

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры –

М.Н. Кусмолдина

 

Тыңдалды «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Н. Кусмолдина:

2017-2018 оқу жылында атқарылған оқу- тәрбие жұмыстарын өткен оқу жылымен салыстыра отырып сараптама жасады. Мектептің білім сапасына, ҰБТ қорытысына, грант иегерлері туралы, қашықтық және пән олимпиадасы, Дарын, КҒА, Зерде ғылыми жоба жарыстарындағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар үйірме, спорт секцияларының жұмыс барысы мен көрсеткіштері және қол жеткізген табыстары туралы баяндады. Мектептің материалдық – техникалық базасын нығайту мақсатында демеушілер тарапынан жиналған 30000 теңге қаржның Қамқоршылық кеңесі тарапынан бақыланып, мақсатты жұмсалғандығы туралы айтып өтті. Сондай- ақ 1 тамыз- 30 қыркүйек аралығында өткен «Мектепке жол» акциясы аясындағы әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж отбасы балаларына демеушілер тарапынан 150000 теңге қаржыға 4 оқушыға материалдық қолдау көрсетілді. Мектеп ұжымының қолдауымен бір оқушы 70000 теңге көлеміндегі қаржыға Астана қаласына туристік саяхатқа барып келгенін айтып өтті.

Қамқоршылық кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтты.

 

Кеңес мүшелері айтылған ұсыныстарды бір ауыздан қабылдады.

 

 

Шешім:

1.2017-2018 оқу жылында атқарылған оқу – тәрбие жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

2.2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылылық кеңестің жұмыс жоспарына жоғарыда айтылған ұсыныстар енгізілсін

 

Кеңес төрағасы С.Т.Ермұхамбетова

Хатшы Ж.Т.Сарсенова