Хаттама » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
май
2019

Хаттама

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңес отырысының

№1 ХАТТАМАСЫ

02 қыркүйек 2017 жыл Б.Сырттанов ауылы

Өткен орны: Ғ.Мұратбаев мектебі

Өткізілген уақыты: 10.00

Төрағалық еткен: Қамқоршылық кеңестің төрағасы С.Т.Ермұхамбетова

Хатшы: Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсенова

Шақырылғандар: «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі – 7, қамқоршылық кеңестің мүшелері – 6, ата-аналар – 87, қоғамдық ұйымдар – 1,

Қатысқандар: 101

Күн тәртібінде:

1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру;

Мектеп директоры – Кусмолдина М.Н

2. Жаңа 2017-2018 оқу жылына қамқоршылық кеңес жұмысының жоспарын бекіту

Қамқоршылық кеңес төрағасы – Ермұхамбетова С.Т

 

Тыңдалды: Мектеп директоры М.Н.Кусмолдина.

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің хатымен көпшілікті таныстырып, 1,2,5,7 сыныптардың жаңартылған бағдарламаға сәйкес оқитыны, жалпы кезең-кезеңімен жаңартылған білім мазмұнына көшу туралы айтты. Сонымен қатар, бес күндік оқуға көшкен жағдайда мектеп оқушылары 1 кезеңде оқитыны және сабақ кестесінің жобасымен таныстырды. Қамқоршылық кеңес мүшелері бұл мәселені жан-жақты талқылай келе, 5 күндік оқуға көшуді қолдайтындарын айтты.

Сонымен қатар «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына өзгерістер енгізілгені туралы, жалпы білім беретін мектептерде оқу жүктемесінің жоғарғы нормасы аталған санитарлық қағиданың 9-қосымшасында көрсетілген нормадан аспауы керек екені оқу жүктемесі ұлғайған жағдайда сабақ кестесі қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетімен келісуі тиіс екендігін айтып өтті.

2017-2018 оқу жылынан бастап сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды. Бұл дегеніміз барлық сыныптарға бескүндік оқу аптасына көшу рұқсат етілген. Бескүндік оқу аптасы туралы шешімді мектеп әкімшілігі қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетімен келісе отырып, қабылдайтындығы туралы айтылып түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Сөз алды: қамқоршылық кеңес төрағасы Ермұхамбетова С.Т

Қамқоршылық кеңесі жұмысының жоспары бес бөлімнен құралған және мектептің материалдық-техникалық базасына байланысты анықталған мәселелерге тоқталды. Анықталған ұсыныстарға сай демеушілікпен жиналған қаржыға тиісінше стендтер және әлеуметтік жағдайына қарай көмек қажет ететін балаларға материалдық көмек беру жоспарланды.

Сөз алды: 9-сынып ата-анасы Тлеукенова А.А

Жаңартылған оқу бағдарламасына сай 2017-2018 оқу жылынан бастап барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына көшуді қолдайтындығын білдірді.

Сөз алды: 5-сынып ата-анасы Қажиева Ж

Сіздермен бірге қамқоршылық кеңестің белсенділігін көтерсек, қоғам, ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар жергілікті деңгейде шешімін табады деп сенім білдіргім келеді.

Шешім:

1.2017-2018 оқу жылынан бастап бір кезеңде, барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына көшірілсін;

2.Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары бекітілсін;

Кеңес төрағасы: С.Т.Ермұхамбетова

Хатшы:Ж.Т.Сарсенова