Хаттама » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
май
2018

Хаттама

ХАТТАМА № 1

2018 жылдың қыркүйек айының 03-і күні «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кезектен тыс қамқоршылық кеңес отырысы өтті.

Отырысқа қатысуға тиіс ұжым мүшелерінің саны – 30

Қатысты – 30

Себепті қалғаны -0

Отырысты басқарушылар:

Ермұханбетова С – жеке кәсіпкер, кеңес төрағасы

Күршімбаева А – жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі

Сүлейменов А.Б – мемлекет қызметкері, кеңес мүшесі

Махатова К - ауыл әйелдерінің төрайымы, кеңес мүшесі

Жұматаев Қ – ауыл ақсақалдар алқасы, кеңес мүшесі

Мұқатаев Ұ – округ инспекторы, кеңес мүшесі

Тынышбаев Б – жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі

Күн тәртібінде:

1.Жаңартылған білім мазмұны негізінде бес күндік оқуға көшіру туралы

Мектеп директоры Кусмолдина М.Н

Тыңдалды: Мектеп директоры Кусмолдина М.Н

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» ережесіне оқу жылы басталғанға дейін тиісті өзгерістер енгізілетіні туралы айтты. 127-бабының тұжырымы өзгертілді. Жаңа тұжырым жаңартылған білім беретін мекемелерде оқу жүктемесін жоғарғы нормасы аталған санитарлық қағидалардың 9-қосымшасында көрсетілген нормада аспауы керектігін атап өтті. Оқу жүктемесі ұлғайған жағдайда сабақ кестесі қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетімен келісуі тиіс.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2018-2019 оқу жылы басталғанға дейін Бес күндік оқу аптасы аясында сабақ кестесін құру туралы әдістемелік ұсынымдама әзірленді.«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы «Спорттық ойындар» бөліміне бөлінген сағаттар аясында міндетті түрде оқу бағдарламасындағы материалдарды орындау кезінде барлық сыныптарда үнемі футбол, волейбол, баскетбол бойынша жарыстар өткізу ұсынылады. Ол үшін сабақ кестесін құру барысында біріншіден, қосарланған сабақтарды, екіншіден, бір параллелдегі екі сыныпқа дене тәрбиесі сабақтарын қатар өткізуді қарастыру қажет. Екі сыныптан артық сыныптарды қосып оқыту үшін оқыту айларына, футбол, волейбол және баскетболға арналған спорт алаңдарына, спорт залының көлеміне қарай және т.б. жағдайларға байланысты қарастыру қажет. Сонымен қатар, дене шынықтыру сабақтарын сенбі күндері таза ауада спорттық жарыстар түрінде өткізу және ол жарысқа балалардың ата-аналарын шақыру ұсынылады. 2018-2019 оқу жылынан бастап сабақ ұзақтығы 40 минут құрайды. Бұл дегеніміз 2018-2019 оқу жылынан бастап барлық сыныптарға бес күндік оқу аптасына көшу рұқсат етілген. Бес күндік аптасы туралы шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитеттерімен келісе отырып қабылдау шарт.

Тыңдалды: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ермұханбетова С.Т

Білім мазмұнында өзгерістер енгенін ескере келе 1-сыныпқа желтоқсан айының аяғына дейін туылған балалар қабылдантыны және сабақ ұзақтығы 40 минут құрайтынын естіп отырмыз. Жаңартылған білім мазмұнына сай бес күндік оқуға көшіру туралы ұсынысты қамқоршылық кеңес төрағасы ретінде және мүшелері, ата-аналармен бірауыздан қолдаймыз.

Жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе,

қамқоршылық кеңес отырысы шешім етеді:

1.1-11 сынып оқушылары бес күндік оқытуға көшірілсін;

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Б.М.Азибаев пен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсеновадан және педагог-ұйымдастырушы А.Искаковадан сұралсын;

3. Жалпы басшылықты мектеп директоры ретінде өзіме қалдырамын;

Шешім бірауыздан бекітілді.

Қарсы, қалыс жоқ. Отырыс жабық.

Отырысты басқарушылар:

1.Кеңес төрағасы Ермұхамбетова С

2. Кеңес хатшысы Күршімбаева А

Жоғарыда көрсетілген шешіммен таныстым.

Келісемін:

ХАТТАМА № 2

2018 жылдың қазан айының 1-і күні «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кезектен тыс ата-аналар жиналысы өтті.

Отырысқа қатысуға тиіс ұжым мүшелерінің саны – 87

Қатысты – 55

Себепті қалғаны -32

Отырысты басқарушылар:

1.Ермұхамбетова С.Т – төраға

2.Күршімбаева А- хатшы

Күн тәртібінде:

1.2-10 сыныптардан «Русский медвижонок» және «Ақ бота» интеллектуалды ойынына оқушыларды қатыстыру туралы

Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Азибаев Б.М

Тыңдалды: Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Азибаев Б.М

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.М.Азибаев жаңа 2018-2019 оқу жылындағы 2-10 сыныптар аралығында қашықтықтан өтетін «Русский медвижонок» және «Ақ бота» интеллектуалды ойынына қатысу ережесімен таныстырып өтті. Оқушылардың дарындылығын анықтау және баланың қызығушылығын оятатын интеллектуалды ойындарды ұйымдастыру арқылы шыңдалатынын айтып, ата-аналарға егжей тегжей барлық мәселе таныстырылып ақылы түрде өтетіні туралы айтылып өтті.

Осы мәселе бойынша 4,9,11 сыныптарының ата-аналар комитеті өз ойларымен бөлісті. Тест тапсырмалары түрінде келетін жұмыс мектеп бағдарламасына сай құрылғанын соған ата-аналардың тарапынан демеушілік көрсетудің қажет екенін де айтып өтті.

Жарыс сөзге 10-сынып ата-анасы Ешмұхамбетова Ләйлә сөз алып, оқушылардың білім сапасының жоғары болуы әр ата-ананы ойландыратынын, біздің де көп көмегіміз қажет екенін айта келіп ақылы кітапшаларын алып, интеллектуалды ойындарға қатысайық деп өз ойымен бөлісті.

Қорытынды сөзді мектеп директоры М.Н.Кусмолдина алдағы уақытта осы айтылған мәселелерге жауапкершілікпен қарап, мектеп және сынып жетекшілерімен тығыз байланыста болуын тапсырды.

Жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе,

қамқоршылық кеңес отырысы шешім етеді:

1.2018-2019 оқу жылында 2-10 сынып оқушылары «Русский медвежонок», «Ақ бота» интеллектуалды байқау жұмыстарына осы сыныптардың ата-аналарынан демеушілік көрсетілсін.

2. Қашықтықтан өтетін интеллектуалды ойынның қорытындысын пән мұғалімдері тарапынан сараптама жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға қорытындысы таныстырылып отырылсын.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Б.М.Азибаевтан сұралсын;

4. Жалпы басшылықты мектеп директоры ретінде өзіме қалдырамын;

Шешім бірауыздан бекітілді.

Қарсы, қалыс жоқ. Отырыс жабық.

Отырысты басқарушылар:

1.Кеңес төрағасы Ермұхамбетова С

2. Кеңес хатшысы Куршімбаева А

Похожие публикации:

23 май 2019 Хаттама
23 май 2019 Хаттамалар
23 май 2019 Хаттамалар