Кезектен тыс қамқоршылық кеңес отырысы » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ноябрь
2017

Кезектен тыс қамқоршылық кеңес отырысы

ХАТТАМА № 2

2017 жылдың қараша айының 13-і күні «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кезектен тыс қамқоршылық кеңес отырысы өтті.

Отырысқа қатысуға тиіс ұжым мүшелерінің саны – 152

Қатысты – 137

Себепті қалғаны -25

Отырысты басқарушылар:

Ермұханбетова С – жеке кәсіпкер, кеңес төрағасы

Күршімбаева А – жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі

Сүлейменов А.Б – мемлекет қызметкері, кеңес мүшесі

Махатова К - ауыл әйелдерінің төрайымы, кеңес мүшесі

Жұматаев Қ – ауыл ақсақалдар алқасы, кеңес мүшесі

Мұқатаев Ұ – округ инспекторы, кеңес мүшесі

Тынышбаев Б – жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі

Мошанова Л – мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы, кеңес мүшесі

Күн тәртібінде:

1.4,9,11 сыныптардан ОЖСБ және ҰБТ тестілеуін алу туралы

Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Азибаев Б.М

Тыңдалды: Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Азибаев Б.М

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.М.Азибаев жаңа 2017-2018 оқу жылындағы 4,9,11 сыныптардағы ОЖСБ және ҰБТ-ның тестілеу ерекшеліктері мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бәріне де оқушының білім жетістігінің нәтижесі, ол үшін 4,9,11 сыныптар бойынша пән мұғалімдерінің жұмыс жоспарлары құрылып, соған байланысты тест жұмыстары қосымша алынып, әр оқушының білім сапасы анықталып отыратынын түсіндірді. Осы мәселе бойынша 4,9,11 сыныптарының ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңестің төрағалары да өз ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта тест орталығынан кітапшалар алынады, оның бәрі ақылы түрде алынып отыратыны айтылды. Тест тапсырмалары мектеп бағдарламасына сай құрылғанын соған ата-аналардың тарапынан демеушілік көрсетудің қажет екенін де айтып өтті.

Жарыс сөзге 11-сынып ата-анасы Биназарова Г сөз алып, оқушылардың білім сапасының жоғары болуы әр ата-ананы ойландыратынын, біздің де көп көмегіміз қажет екенін айта келіп ақылы тест кітапшаларын алып, ОЖСБ және ҰБТ жұмыстарына қатысайық деп өз ойымен бөлісті.

Қорытынды сөзді мектеп директоры М.Н.Кусмолдина алдағы уақытта осы айтылған мәселелерге жауапкершілікпен қарап, мектеп және сынып жетекшілерімен тығыз байланыста болуын тапсырды.

Жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе,

қамқоршылық кеңес отырысы шешім етеді:

1.2017-2018 оқу жылында 4,9,11 сынып оқушыларынан ОЖСБ,ҰБТ жұмыстарына байланысты аудандық, облыстық алынатын ақылы тест жұмыстарына осы сыныптардың ата-аналардың қамқоршылық кеңесі демеушілік көрсетілсін.

2. Әр алынған тестке пән мұғалімдері тарапынан сараптама жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға қорытындысы таныстырылып отырылсын.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Б.М.Азибаев пен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсеновадан және педагог-ұйымдастырушы А.Искаковадан сұралсын;

4. Жалпы басшылықты мектеп директоры ретінде өзіме қалдырамын;

Шешім бірауыздан бекітілді.

Қарсы, қалыс жоқ. Отырыс жабық.

Отырысты басқарушылар:

1.Кеңес төрағасы Ермұхамбетова С

2. Кеңес хатшысы Күршімбаева А

Похожие публикации:

23 май 2019 Хаттамалар
23 май 2019 Хаттамалар
23 май 2018 Хаттама