Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2020

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылар  жиналысы


Хаттама 5

Отырысқа қатысуға тиіс оқушылар саны: 203

Қатысқаны: 203

Себепті қалғаны: 0


Отырысты басқарушылар: 

           Төраға: М.Н.Кусмолдина

            Хатшы: О.С.Нұрахметов


Күн тәртібінде

1.Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға араналған мемлекеттік бағдарламаның 70 тармағын орындау мақсатында  жұмыстарын нығайту


Тыңдалды: Мектеп директоры М.Н.Кусмолдина

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаулысындағы №1141 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ақпараттық насихаттау топтарының радикалды діни идеологиялық және басқа теріс пиғылды қөзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған көзқарастардың қалыптасуын алдын алу бойынша, оқушыларды және ата-аналарды теріс діни ықпалдан, оның ішінде Интернетте, әлеуметтік желілерде және бос уақытты   дұрыс пайдалану мақсатында, мемлекеттің зайырлы жағын, ұлттың тарихын, мәдениетті, өнерді нығайту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жұмыстары баса назарда болу керек. Соңғы жылдары құқықтық органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық терроризм болып анықталатын жаңа кертарпа күшпен күресу жұмыстары жандану үстінде. Дегенмен «Сақтықта, қорлық жоқ!» деген сөзді назарда ұстап жүру әр адамның міндеті.


Сөз алды: тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсенова

   2019-2020 оқу жылы барысында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы комиссия мүшелері құрылып, жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Оқушылар мен мектеп ұжымына террористік актілерді болдырмау жөніндегі жадынама таратылып, ақпарат берілді. Сонымен  қатар, ақпараттық –насихаттаушы топтардың жұмысы шеңберінде тиісті іс-шаралар өткізіліп жатыр. Күндікті тұлғаларды байқаған жағдайда, күдікті   зат тауып алған жағдайда үзілді-кесілді тыйым салынатын  ережелер жазылған стенд мектеп қабырғасына ілінді.

Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға саяси, экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда. Әсілі, терроризм қаупі XX ғасырдың 60-жылдарынан бастапкүшейе түсті. Әлемнің көптеген аймақтарында экстремистік топтар мен ұйымдар қанқұйлы терактілер жасау арқылы өз мақсаттарына қол жеткізгісі келді. Бүгінгі күні жаһанда 500-дей экстремистік ұйымдардың бар екені белгілі болып отыр.

Соңғы жылдары біздің елімізде дін атын жамылған содырлық әрекеттер орын ала бастады. Республиканың батыс және оңтүстік аймақтарында орын алған лаңкестік оқиғалардың мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатер екендігі айтпаса да түсінікті. Мемлекет діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін ең алдымен оның құқықтық негіздерін жетілдіруі қажет

Сөз алды: сынып жетекші Есболатова Т

Қазақстанда қалыпты діни ахуалды қалыптастыру үшін экстремизм мен терроризмге қарсы күрес кешенді түрде қолға алынуы тиіс. Әлбетте, оның діни, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық аспектілерімен қатар құқықтық негіздемесін жетілдіру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабына айналып отыр. Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын іске асырып, қуатты мемлекетке айналу мақсатында ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрбір шетін мәселенің дер шағында алдын алғанымыз абзал.

Жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе, 

қамқоршылық кеңес отырысы шешім етеді:

  1. Мектепішілік діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралар ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өткізілсін;
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Б.М.Азибаев пен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсеновадан және АӘД пән мұғалімі Қ.Құсамбаевтан сұралсын;
  3. Жалпы басшылықты мектеп директоры ретінде өзіме қалдырамын;



Шешім бірауыздан бекітілді.

Қарсы, қалыс жоқ. Отырыс жабық.


Отырысты басқарушылар:

1.Кеңес төрағасы                 Кусмолдина М.Н

2. Кеңес хатшысы                Нұрахметов О.С