Діни экстремизм » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2019

Діни экстремизм

2019 жыл 20 қараша күні «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру мақсатында Ақсу аудандық дін істерінің инспекторы Ноғайшаев Фархат Қанатбекұлымен 5-11 сынып оқушылары және жалпы ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Күн тәртібінде «Жастарды жат ағымнан сақтайық» тақырыбы бойынша ауылдық мешіт иманы сөз алып, теріс ағымдардың зияны туралы ақпарат беріп өтті. Екінші мәселе «Тиым салынған сайттар» тақырыбында лекция оқылды. 

Аудандық дін істерінің инстекторы Ф.Қ.Ноғайшаев 5-11 сынып оқушыларына қазақ дүниетанымындағы ислам діні, елдегі діннің орны, дәстүрлі емес діни ағымның арбауына түспеу туралы жан-жақты талқыға салды. Сонымен қатар оқушыларға сұрақ қою арқылы оқушыларды толғандырған сұрақтың жауабын бере білді. Келешекте діни сауаттылықты, яғни рухани иммунитетті арттыратын құнды ақпараттар айтылды.