1 қырқүйек - Білім күні » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
20
октябрь
2025

1 қырқүйек - Білім күні

Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара «Мектебім — мейірім мекені» атты мерекелік жиын жоғары деңгейде аталып өтті.

Шара барысында еліміздің Әнұраны шырқалып, алғашқы қоңырау соғылды.
Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ізгі тілектер айтылып, қуанышқа толы сәттерге куә болдық.Оқушылар мен ұстаздар жаңа оқу жылына дайындықтарын паш етіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.Мерекелік шараға ауылымыздың әкімі Сүлейменов Әділжан Бахытқанұлы қатысып оқушылар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді.

Бұл күн — білімнің бастауы, үміттің ұшқыны, арманның асқарына апарар қадам.
Жаңа оқу жылы барша шәкірттерімізге табысқа, ұстаздарымызға жемісті еңбектерге толы болсын!