23
сентябрь
2025
"Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясындағы ата-аналар жиналысы
«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясындағы ата-аналар жиналысы2025 жылдың қыркүйек айында мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылында жүзеге асырылатын «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру, оқушыларды адалдыққа, әділдікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу бағытындағы жұмыстарды ортақ үйлестіру болды.Жиналыс барысында ата-аналарға бағдарламаның мазмұны, мақсат-міндеттері таныстырылып, оқушылардың тұлғалық дамуына ата-ананың қолдауы мен үлесінің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесінде ортақ құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиын соңында ата-аналар ұсыныстарын білдіріп, мектеппен бірлесе отырып бағдарламаны іске асыруға ниетті екендіктерін жеткізді.