Директордың кезектен тыс есеп беру жиналысы

Кәсіпорынның атауы: «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын
орталығымен» отдела образования Кербулакского района
ХАТТАМА №1
Күні,айы,жылы: 19.10.2020
Жиналыстың атауы: Директордың кезектен тыс есеп беру жиналысы
Кімдер қатысты: Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, қамқоршылық кеңес мүшелері
Қатысқандар: 1-11 сыныптардың ата-аналар комитеті
Шақырылғандар: Ауыл әкімі Ермухамбетов Б.Т, ауылдық учаскелік инспекторы
Мұқатаев Ұ.Р
Төраға: Азибаев Б.М
Хатшы: Сарсенова Ж.Т
Күн тәртібінде:
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29-тармағына орта білім беру басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында,оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру .
Тыңдалды: Мектеп директоры Б.М.Азибаев
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29-тармағына сәйкес мектеп директоры бюджеттен бөлінген қаражатының жұмсалуы жөнінде айтып өтті .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында және облыстық білім басқармасының бұйрығы, аудандық білім бөлімінің бұйрығы негізінде 2018-2020 жылдарға тегін ыстық тамаққа, жазғы сауықтыру лагеріне, киім-кешекке міндетті оқу қоры есебінен ұйымдастырылған қаржылардың ұтымды жұмсалғаны жөнінде айтып өтті. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат мақсатты жұмсалғандарына толық тоқталып өтсек. Облыстық мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінің жанындағы жалпыға бірдей міндетті орта білім қоры туралы ережелер басшылыққа алынып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасынан шыққан және аз қамтылған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларын әлеуметтік қорғау мақсатында қор қаражаты қаржылай және метериалдық көмек көрсетуге және мүмкіншілігіне қарай қор қаражатының 60% мөлшері аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тегін ыстық тамақпен қамтуға жұмсалғанын айтты.
2018 жылға міндетті оқу қорына 1 172 000 теңге бөлініп жұмсалғаны жөнінде айта келіп, бұның 16 балаға 758 000 теңгесі тегін ыстық тамаққа бөлінгенін, 325 000 теңге 13 баланың жазғы демалуына аударылғанын айтып, қалған қаражат яғни, 89 000 теңге 8 балаға киім-кешекке бөлінгені туралы хабардар етті.
2019 жылға міндетті оқу қорына 1 251 100 теңге бөлініп отырғандығы жөнінде айта келіп, бұның 18 балаға 926 111 теңгесі тегін ыстық тамаққа бөлінгенін, 325 000 теңге 13 баланың жазғы демалуына бөлінгені туралы хабардар етті. Қосымша 12 балаға 474.600 теңге ыстық тамаққа бөлініп жұсалды.
2020 жылға міндетті оқу қорына 1 255 500 теңге бөлінгені жөнінде айта келіп, 30 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Сөз алды: Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сарсенова Ж.Т
Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Алматинская область бойынша Департаментіне және 1424 саll- орталығына білім бөлімдері білім беру мемемелерінің директорлары мен мұғалімдері әр түрлі сурақтарымен хабарласу болатынын айтты. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұратынын хабарлады.
2020-2021 оқу жылында жағдайы төмен оқушылар саны – 119, оның ішінде көп балалы отбасы бала саны – 106, толық емес отбасы бала саны – 2, жартылай жетім отбасы бала саны – 7, аз қамтылған бала саны – 4. Атаулы әлеуметтік көмек алатын бала саны – 19. Мемлекеттік қор есебінен 2020 жылдың қыркүйек айында көмек алған бала саны – 8 бала болса, 2020 жылдың қараша айында 20 оқушыға киім-кешек берілді.
Сонымен қатар, Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қашықтықтан оқуға байланысты жағдайы төмен отбасы балаларына 10 ноутбук жергілікті бюджеттен, 8 планшет және 80 ноутбук республикалық бюджеттен бөлініп, оқушыларға актіленіп таратылды.
Сөз алды: Попечительский совет мүшесі Жұматаев Қ.М
Попечительский совет жиналысының шешімі бойынша тегін тамаққа, оқушылардың демалуына, киім-кешекпен көмектесуге жұмсалған қаражат дұрыс ұйымдастырлған деп бірауыздан қолдап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап-талқылай келе және жиналысқа қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін қорыта келе кезектен тыс ата-аналар жиналысы шешім етті:
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29 тармағына орта білім беру басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында,оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаражатының жұмсалуы жөніндегі стратегия басшылыққа алынсын;
- Мектеп ұжымы , ата-аналар мен «Попечительский совет» мүшелерінің алдағы жоспарланған іс-шаралар мен жұмыстар жандандырылсын;
- Мектепте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар қорытындысы мектеп сайтына жариялансын;
- Мемлекеттік қызмет көрсету уақытында іске асырылсын;
- Жалпы басшылықты мектеп директоры ретінде өзіме қалдырамын;
Төраға: Азибаев Б.М
Хатшы: Сарсенова Ж.Т
________________іске
орындаушының қолы.