Қамқорлық акциясы » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2020

Қамқорлық акциясы

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 10 қаңтар -10 ақпан аралығында Республикалық «Қамқорлық» акциясын жарияланды. Акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бойынша бұйрықтар шығарылып, тұрғындарды ақпараттандыру туралы үнпарақтар мектеп ауласына, ауыл әкімшілігі, сауда дүкендері алдына ілінді. Акция бойынша іс-шаралар жоспары жасалынып,  оқушылар есепке алынды. Әсіресе жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларының қажеттіліктері анықталып, көмек түрлері ұйымдастырылды. 

  Атап айтатын болсақ «Қамқорлық» акциясы аясында мектеп директоры  Кусмолдина Махаббат Нұрмұхамбетқызы көп балалы отбасынан шыққан 7-сынып оқушысы Дүйсенбай Ақжүніске қыстық пәлте берсе, мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Иргебекова Дариға Көкекқызы көп балалы отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Молықбай Мадинаға куртка, жемпір, көйлек, ақ блузка беріп  акция аясында көмек көрсетті. Акция жұмысы әлі де жалғасын таба бермек.