Балалар түңгі қалада » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2021

Балалар түңгі қалада

 

«Бекітемін»

Директордың уақытша міндетін атқарушы:                    Азибаев Б.М


«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020-2021 оқу жылында «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қадағалаусыздықтың, панасыздықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу» мақсатында 

«Балалар түнгі қалада» акциясы негізінде қаралған іс-шара жоспары


Атқарылған іс-шара

Өту мерзімі

Жауапты адамдар


1

«Балалар түнгі қалада» акциясының іс-шара жоспарын қарап, бекіту

Қыркүйек

ДТЖЖО Сарсенова Ж.Т


2

Мөлтекаудандар бойынша 0-17 жас балалар есебін беру

Әр айдың 15-і

ДТЖЖО Сарсенова Ж.Т

Жауапты мұғалімдер

3

Оқушылардың сабаққа тартылу есебін жүргізу

Күнделікті

Сынып жетекшілер

4

«Қылмысқа қарсы күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу» мақсатында оқушыларды акцияның өткізілетін жерімен таныстыру, рейд ұйымдастыру

Кесте бойынша

ДТЖЖО Сарсенова Ж.Т

Педагог-ұйымдастырушы 

Сынып жетекшілер

5

Мектеп оқушыларының, оның ішінде жағдайы төмен, аз қамтылған, жартылай жетім балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

1.Үйірме, секция, факультативтердің уақытылы өтуін қадағалау

2. «Жас ұрпақ, нұрлы жаз-2021» оқушылардың жазғы тынығу, сауықтыруларын жоспарлау





Үнемі


мамыр

ДТЖЖО Сарсенова Ж.Т

Педагог-ұйымдастырушы 

Сынып жетекшілер

6

Балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында мұғалімдер, ата-аналар комитеттерімен бірлесіп түнгі кезекшілік ұйымдастыру

Кесте бойынша

Педагог-ұйымдастырушы 

Сынып жетекшілер

7

«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздықтың, панасыздықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу» мақсатында әңгіме, сынып, тәрбие сағаттарын өткізу

Оқу жылы ішінде

Педагог-психолог Аубакирова С.Қ

Сынып жетекшілер

8

Қоғамдық ұйымдармен, ІІБ кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі білімнің инспекторларымен жұмыс түрлерін белгілеу:

1.Түрлі тақырыптарда 7-11 сынып оқушылары арасында ауылдақ учаскелік инспектордың қатысуымен кездесулер

2. Жалпы ата-аналар жиналысы

3. Түрлі тақырыптарда құқықтық оқулар

Жоспарға сәйкес

ДТЖЖО Сарсенова Ж.Т

Педагог-ұйымдастырушы 

Сынып жетекшілер

Құрастырған тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:                    Сарсенова Ж.Т

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі




01.09.2020                                                                                Барлыбек Сырттанов ауылы


Бұйрық №


«Балалар түнгі қалада»

акциясын өткізу туралы


Құқық бұзушылықтың  алдын алу туралы Қазақстан Республикасы Білім ғылым министірлігінің жасөспірімдер арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын-үй жайдан тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында бұйырамын:


  1. «Балалар түнгі қалада» акциясы аясында атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспары қаралып, бекітілсін.
  2. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында «Балалар түнгі қалада» акциясы аясында мұғалімдер тарапынан құрылған түнгі кезекшілік жұмысы белгіленген кесте бойынша жандандырылсын.
  3. Қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың бос уақыттары тиімді ұйымдастырылып, сынып сағаттары, құқық қорғау, қоғамдық ұйымдармен арнайы кездесулер, ата-аналармен бірлескен жұмыс түрлері белгіленіп, жоспарлы жүргізілсін.
  4. Қаралған іс-шара барысында жұмыстар жауапты адамдардан сұралсын.
  5. «Балалар түнгі қалада» акциясы аясында атқарылған жұмыстар қорытындысы кіші педагогикалық кеңес отырысында қаралып, сарапталсын.
  6. Атқарылған шаралар туралы ақпарат әр тоқсанның 10 жұлдызынан кешіктірілмей білім бөліміне жіберілсін.
  7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Мұқаметжанов пен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Т.Сарсеновадан сұралсын.
  8. Жалпы басшылықты мектеп директоры ретінде өзіме қалдырамын.





Директордың уақытша міндетін атқарушы:                     Азибаев Б.М









«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020-2021 оқу жылында «Балалар түнгі қалада» атты акциясы негізінде мұғалімдер тарапынан ұйымдастырылған түнгі кезекшілік бойынша әр топқа белгіленген топ жетекшілері туралы мәлімет



Топ жетекшілері:


І топ: Құсамбаев Қ

ІІ топ: Зияданов А

ІІІ топ: Камизанов М

ІҮ топ: Нұрахметов О

Ү топ: Қаймұханов А

ҮІ топ: Сүлейменов М

ҮІІ топ: Тұрсынбекұлы М



Топ жетекшісінің міндеті:


  1. Түнгі кезекшілік міндеті белгіленген кесте бойынша өтуі;
  2. Түнгі кезекшілік бойынша мәліметтің уақытында арнайы дәптерге жазылуы;
  3. Түнгі рейд кезінде тәртіп бұзушылық болса, көшеден ұсталған оқушылар болса, тағы басқа дер кезінде тиісті орындарға хабардар ету;





Директордың уақытша міндетін атқарушы:                    Азибаев Б.М