"Мектеп асханасы" акциясы » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2020

"Мектеп асханасы" акциясы

«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың
27 қаңтар –27 ақпан аралығында Республикалық «Мектеп асханасы»   акциясының  ұйымдастырылуы бойынша  атқарылған  жұмыстар туралы
мәлімет
«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Республикалық «Мектеп асханасы» акциясы жарияланып, іс-шара жоспары құрылды. Мектептің әлеуметтік педагогы Иманбекова Алия Айтбайқызы ата-аналардан асханадағы тамақ дайындау сапасына көзқарарастарын білу мақсатында сауалнамалар алынды. 

Директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Сарсенова Жанар Төреханқызы «Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Оқушылар өздері қолдарынан жасалған ас үйде қолданылатын ыдыс-аяқтар, жеміс-жидектерді қолдарымен жасап алып келді. 

Сынып жетекшілер «Дұрыс тамақтану-тәнге шипа» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізсе,  биология   пәнінің мұғалімі Төлеубаева Динара Төлеубайқызы «Дәрумендердің пайдасы» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізді. 

«Меткеп асханасы» акциясына жеке шаруа қожайыны Шабдарбаев Берік, жеке кәсіпкер Баймұханов Бауыржан, Жұматаев Құрмангелді және «Алина»дүкенінің иесі Құрымбаев Берікбол, «Көбес» дүкенінің иесі Қоржумбаева Ардақ, «Жанжігіт» дүкенінің иесі Аубакиров Разбек  оқушыларды бір күндік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етті.