Педагогикалық кеңесте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
Педагогикалық кеңесте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмысы өтті Бүгін мектебімізде өткен педагогикалық кеңесте ұстаздар қауымына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары кеңінен түсіндірілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында: ✅ адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру; ✅ жауапкершілік пен еңбекқорлыққа баулу; ✅ отансүйгіштік пен азаматтық сана-сезімін арттыру; ✅ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту.