19
сентябрь
2019
"Алтын күз" жәрмеңкесі
2019 жыл 20 қыркүйек күні Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жұмыс жоспары бойынша мектеп оқушылары мен ата-аналарының демеушілігімен «Алтын күз» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мақсаты басты назарға алынды. Сонымен қатар мектеп директоры М.Нұрмухамбетовна атсалысқан ата-ана комитеттеріне рахметін айтты.Нәтижесінде 55,550 теңге жиналды. Жиналған қаражатты қамқоршылық кеңес төрағасы С.Тілектесқызына табыстадық. Алдағы уақытта қаражатты мектептің қажетті дүниесіне жұмсалатыны айтылды.