Жас Ұлан, Жас Қыран
2019 – 2020 оқу жылында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер
ұйымдарына қабылданған оқушылар туралы
№ | Мектебі | Мектептегі жалпы оқушылар саны | «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің жалпы саны | Оның ішінде 2019-2020 оқу жылында қабылданғаны | «Жас Қыран» ұйымы мүшелерінің жалпы саны | Оның ішінде 2019-2020 оқу жылында қабылданғаны |
1. | Ғани Мұратбаев мектебі | 205 | 116 | 15 | 89 | 17 |
Мектепішілік Жас Ұлан, Жас Қыран ұйымының жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Мектепте 205 оқушы оқиды. Оның 113- қыз, 92-ұл бала. 1-4 сыныптар арасында 89 оқушы болса, 116 оқушы жоғарғы сынып оқушылары. 2019-2020 оқу жылының желтоқсан айында жоспарлы Жас Ұлан, Жас Қыран ұйымына оқушыларды қабылдау болып өтті. Жас Ұлан ұйымына 15 оқушы қабылданса, Жас Қыран ұйымына 17 оқушы қабылданды. Жалпы І жарты жылдық бойынша барлық тәрбие саласының жұмыс жоспарын белсене атқару үстінде. 2019 жыл қазан айның алғашқы жұмасында Өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырып, мектептегі әкімшілік қызмет пен ұстаздардың міндетін жоғарғы дәрежеде атқарды. Сонымен қатар «Алтын күз» жәрмеңкесін ұйымдастырып, 55,000 теңге көлемінде қаражат жинастырды. Тағыда басқа көптеген шараларға белсене қатысып, өз жұмыстарын жоғары дәрежеде атқаруда.
