100 кітап жобасы » Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2020

100 кітап жобасы

«100 ӘН, 100 КІТАП» бағдарламасы аясында 

5-11 сынып оқушылары арасында 2020 жылдың 09 қаңтар – 25 мамыр аралығында өтетін КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНЫҢ шарттары

  1. Нақыл сөздер дәптерін бастау, жүргізу. 

Мақсаты: кітаптан түйген түйінді ойлар, идеяларды, кеңестерді есте сақтау, қолдану.

  1. 5-8 сынып оқушылары үшін ЭССЕ, 9-11 сынып оқушылары әлеуметтік желіде пост жазу. 

Мақсаты: оқушылардың ойын жазбаша түрде жеткізе алуын дамыту, әлеуметтік желіні тиімді пайдалануға қалыптастыру.

Пост жазсаңыз оқыған кітабыңызды өткізбестен бұрын жариялау. Постта «Нақыл сөздер» дәптеріңіздің суретін салуыңыз керек.

Эссе жазсаңыз кітаппен бірге өткізу.

  1. Кітаптан алған инсайттарды (ойлар, идеялар, ескере жүрер кеңестер) мектеп оқушыларымен бөлісу. 

Әр айдың соңғы аптасында мектеп акт залында өтеді.

Мақсаты: оқушыларды ХХІ ғасырдың ең маңызды дағдысы – шешендік өнерге баулу.

  1. Кітаптың бүтіндігін сақтау, жыртпау, шимайламау.


ЕСКЕРТУ: 1, 2, 4 шарттарды орындаған оқушылар 

  1. ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА өтетін 5 – 6 сынып математикасы бойынша өтетін ВИДЕОКУРСҚА тегін қатысу мүмкіндігіне ие болады
  2. ауылымыздың 1983 жылы туылған азаматтардың демеушілігімен 1 велосипед ұтысына қатысу мүмкіндігі бар. 

Алдағы уақытта қаржылай және бағалы сыйлықтар саны артуы мүмкін





  • Ақыл үшін кітап оқу – дене үшін жаттығу жасаумен тең. Брайан Трейси
  • Кітапты өртеуден де асқан қылмыс болады. Мысалы, оларды оқымау. Иосиф Бродский
  • Кітап оқымай, ой қызметін нәтижесіз өткізген күн – бекерге өмір сүрген күн. Василий Сухомлинский
  • Жақсы кітап – жақсы қоғам тәрізді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін. Николай Пирогов
  • Маған оқырмандардан тұратын отбасыны көрсетші, сонда мен саған әлемді өзгертетін адамдарды көрсетемін. Наполеон Бонапарт
  • Әлемдегі ең жақсы кинозал – сіздің миыңыз. Сіз мұны кітап оқығанда түсінесіз. Ридли Скотт
  • Тәуір кітап оқымайтын адамның хат танымайтын адамнан ешқандай артықшылығы жоқ. Марк Твен
  • Кітапты сүю – Құдайдың берген сыйларының ішіндегі ерекшесі. Артур Конан Дойл
  • Бала кезімде арманым көп болды. Солардың біразы менде кітапты оқу мүмкіндігі көп болғандықтан ғана орындалды деп ойлаймын. Билл Гейтс
  • Жас кезіңде оқыған кітаптар өмір бойы сенімен бірге болады деп ойлаймын. Джоан Роулинг
  • Классика дегеніміз адамдардың мақтайтын, бірақ оқымайтын кітаптары. Марк Твен
  • Бүгін оқырмансың – ертең көшбасшысың. Маргарет Фуллер.
  • Оқырмандардың барлығы лидер емес шығар, БІРАҚ лидердің барлығы оқырмандар. Брайан Трейси

 

1-кітап: 09.01-17.01

2-кітап: 17.01-31.01

3-кітап: 31.01-14.02

4-кітап: 14.02-28.02

5-кітап: 28.02-13.03

Кітап өткізу-ауыстыру кестесі

6-кітап: 13.03-06.04

7-кітап: 06.04-17.04

8-кітап: 17.04-30.04

9-кітап: 30.04-11.05

10-кітап: 11.05-22.05


Похожие публикации:

01 сентябрь 2019 Іс-шара жұмысы
23 май 2019 Хаттамалар
23 май 2018 Хаттама
13 май 2019 Бірлік күні